Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяздан 59 адам құтқарылды – ТЖМ

Аяздан 59 адам құтқарылды – ТЖМ


Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Өткен тәулікте Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері 266 рет құтқаруға шығып, 59 адамды құтқарды. 12 бала, 4 ересек адам эвакуацияланды.

Бүгін Көкшетау қаласында бірден екі өрт сөндірілді. Бірінші өрт 20 шаршы метрлік металл контейнерде, екіншісі 3 шаршы метрлік тұрғын үйде болған. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жалпы айтқанда, өткен аптада елімізде 315 төтенше жағдай болды. 6 табиғи сипаттағы, 309 техногендік сипаттағы жағдай тіркелді.
Құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1 253 рет құтқаруға шықты. 159 адам, оның ішінде 40 бала құтқарылды. 59 адам, соның арасында болған 10 бала эвакуацияланды.

112 құтқару қызметіне 137 мыңнан астам қоңырау түсті. 96 дабылды ескерту жіберілді.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар кез келген ауа райында тәулік бойы қызмет атқарады.
12 желтоқсан 2023 ж. 101 0