Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нью-Йоркте күшті жер сілкінісі болды

Нью-Йоркте күшті жер сілкінісі болды

Нью-Йоркте күшті жер сілкінісі болды
Жұма күні таңертең АҚШ-тың шығыс жағалауында болған 4,8 балдық жер сілкінісінің дүмпулері Нью-Йорк пен оның айналасында сезілді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Нью-Джерси штатындағы Ливан қаласына жақын жерде, Нью-Йорктен батысқа қарай 64 шақырымдай жерде болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.  Американың шығыс жағалауында жер сілкінісі сирек кездеседі және бұл Нью-Йорк қаласында соңғы онжылдықтардағы ең күшті жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желі қолданушылары жер сілкінісі Филадельфиядан Нью-Йоркке дейін және шығыс жағалауда Бостонға дейін сезілгенін хабарлады. Өткен жылы Буффалода (Нью-Йорк) 6 ақпанда магнитудасы 3,8 балдық жер сілкінісі болды, бірақ бұл аймақта 40 жыл бойы мұндай күшті жер сілкінісі болмаған. 1983 жылы Нью-Йорк штатының оңтүстігіндегі Ньюкомбта 5,1 балдық жер сілкінісі болды.
Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бүгінгі жер сілкінісінің ауыр зардаптары туралы мәлімет жоқ екенін айтты. Жер сілкінісі салдарынан Нью-Йорктің бірнеше әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты. Нью-Джерсидегі Джон Кеннеди халықаралық әуежайы мен Ньюарк әуежайында рейстер тоқтатылды. Бірақ рейстер қазірдің өзінде қайта жанданды. Нью-Йорктегі ЛаГуардия әуежайында да кешігулер байқалды.
Нью-Йорк губернаторы Кэти Хочул жер сілкінісінің ауырлығына тоқталды, бірақ «өмірге қауіп төндіретін жағдайдың» анықталмағанын және оның командасы штаттың инфрақұрылымын тексеріп жатқанын айтты.
06 сәуір 2024 ж. 193 0

Қоғам

Форум – БАҚ назарында
08 шілде 2025 ж. 32

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031