Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды

Түркия

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды.

Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 18.40-та тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Түркоғлы аймағында орналасқан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Жер сілкінісінің материалдық шығыны 2 триллион түрік лирасын (105 миллиард доллардан астам) құрайды. Соңғы мәліметтер бойынша, Кахраманмараштағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны – 50 096 адам.  107 204 адам зардап шекті.
21 наурыз 2023 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31