Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда тағы 5 балдық зілзала тіркелді

Түркияда тағы 5 балдық зілзала тіркелді

Түркияда тағы 5 балдық зілзала тіркелді

Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 5 балдық зілзала тіркелген. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығының кестесінде бар, — деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кестеде көрсетілгендей, зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Орталықтың ақпаратында зілзала тағы Индонезия, Чили елдерінде болған.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимарат қирады. Зілзала жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл болған. Бұл апат көршілес елдерде Сирияда, Ливанда, ТРСК, грек Кипрінде және Иракта сезілді.
03 наурыз 2023 ж. 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30