Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нигде провинциясында жер сілкінісі болды

Нигде провинциясында жер сілкінісі болды

Түркияның Нигде провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



«Сенбі, 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 13:27-де Түркия провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жер асты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқанын хабарлады. Жер сілкінісі ошағы 7 км тереңдікте орналасқан», – деп жазылған Анадолу сайтында.
Айта кетейік, бүгін Түркияның шығысы мен орталық бөлігінде, Малатия, Бингел, Сивас және Кония провинцияларында жер сілкінісі тіркелді.
Түркияның Табиғи апаттарды басқару және төтенше жағдайлар агенттігі (AFAD) эпицентрі Кахраманмарашта болған жер сілкінісі салдарынан 44 218 адам қаза тапқанын хабарлады.
25 ақпан 2023 ж. 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930