Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты


Түркияның вице-президенті Фуат Октай елдегі жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

 Фуат Октайдың сөзінше, соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы зілала салдарынан көз жұмғандар саны 24 617-ге дейін өскен. 
Сондай-ақ ол 113 адамды қамауға алуға ордер берілгенін айтты. Бұл азаматтар талапқа сай салынды деген ғимараттардың құлауына байланысты күдікке ілінген. Қазіргі таңда бір адам қамауға алынған.
 Еске сала кетейік, дүйсенбі 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етті. 
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала. 
Табиғи апатқа байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді. Зілаза салдарынан Қазақстанның екі азаматы қаза тапты. Олардың денесі 11 ақпанда елге жеткізілді. 
13 ақпан 2023 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930