Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада 7,1 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды

Мексикада 7,1 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды

Мексиканың оңтүстік-батысындағы Герреро штатында 7,1 магнитудалы жойқын жер сілкінісі салдарынан бір адам қайтыс болды.

Бұл туралы штат губернаторы Эктор Астудильо мәлім етті. Жаңа ғана хабар келді. Койюкте бір адамға электр бағаны құлап кетіп, қаза тапты, - деді шенеунік Milenio TV эфирінде.Астудильонің сөзінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қатысты басқа ақпарат жоқ. Дегенмен жергілікті билік штат аумағында көптеген материалдық залалдың келтірілгені туралы хабарлама алуда.
Айта кетейік, Мексиканың оңтүстік-батысындағы Герреро штатында сейсенбі күні кешке 7,1 магнитудалы жер сілкінісі болды. Артынша бір сағаттың ішінде магнитудасы төменірек тағы да жер сілкіністері болды. 

https://baq.kz​​​
08 қыркүйек 2021 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930