Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер сілкінісі салдарынан бірнеше адам зардап шекті

Жер сілкінісі салдарынан бірнеше адам зардап шекті

Иранның солтүстік-батысы Батыс Әзербайжан провинциясы Хой қаласында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 816-ға жетті, 3 адам қаза тапты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Бұл туралы жексенбі күні провинция губернаторы Мохаммад Садег Мотамедян мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.
Алдын ала бағалау бойынша, зілзала 2 қала мен 70-тен аса ауылға нұқсан келтірген, 20-50% ғимарат бүлінді, деп атап өтті ол.
Магнитудасы 5,9 балдық жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзала ошағы 175 мың адам тұратын Хой қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде болған. Оның тереңдігі – 7 км.
29 қаңтар 2023 ж. 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930