Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда екі жер сілкінісі болды

Қазақстанда екі жер сілкінісі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 4 ақпанда Алматы уақытымен 12 сағат 39 минут 25 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 209 шақырым қашықта Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.3. Магнитудасы – 3,8. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәліметтер түскен жоқ. Сондай-ақ Қазақстанның сейсмикалық стансалар желісі 12 сағат 23 минут 51 секундта еліміз аумағында - Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде болған тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Энергетикалық санаты - 8,9. MPV магнитудасы - 4,2 . Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ. Ал 12 сағат 58 минут 27 секундта зілзала Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 361 км жерде Қытай аумағында тіркелді. Энергетикалық санаты – 9,7. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түспеген. Бұған дейін, бүгін сағат 10 сағат 12 минут 52 секундта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 577 шақырым қашықтықта Қытай жерінде жер сілкінгенін жазған болатынбыз.

inform.kz
04 ақпан 2021 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930