Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ҚАЛМЫРЗА ҚАСЫМОВТЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚАЛМЫРЗА ҚАСЫМОВТЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Кеше аудан әкімі Нұржан Ахатов «Еңбегі сіңген энергетик» төсбелгісінің иегері, «Шиелі Жарығы» ЖШС директоры Қалмырза Айдарұлы Қасымовты 63 жас мерейтойымен құттықтады.
«Энергетика саласы – қашан да, әлеуметтік сала мен индустрияны алға жылжытушы күш, әрі экономиканың алтын өзегі, негізгі локомотиві болып саналады. Тәуелсіз Қазақстанның негізгі экономикалық тірегінің бірі – энергетика саласы да күнделікті тұрмыс-тіршілігіміздің бір бөлігіне айналып, жылдамдықпен дамып келеді. Мезгілдің кез келген сәтіне қарамастан әлеуметтік нысандардан бастап, кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына, тұрғын үйлерге электр мен жылу қуатын үзбей жеткізуде дәл осы сала мамандарының еңбегі ерен. Бүгін міне, ауданымызды 26 жыл қатарынан сапалы электр жарығымен қамтамасыз етіп келе жатқан «Шиелі Жарығы» энергиямен жабдықтаушы мекемесінің білікті басшысы, нағыз ауданның жанашыр азаматы Қалмырза Айдарұлы 63 жасқа толып отыр. Қалмырза Айдарұлы 37 жыл бойы осынау ауқымды салада табысты қызмет етіп келеді. 4 мәрте аудандық, 1 мәрте облыстық мәслихат депутаты атанып та, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әрбір жобалардың тиімділігін саралауға біркісідей атсалысып келеді. Әлі де Қалмырза Айдарұлының елге-халыққа берері көп деп санаймын. Сондықтан Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы қызметіңізді жалғастыра береді деп сенемін», – деді Нұржан Сәбитұлы.
Іс-шара барысында Қалмырза Айдарұлына Шиелі ауданының «Құрмет» грамотасы табысталып, иығына шапан жабылды.
Мерейтой иесін "Amanat" партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық және тағы басқа әріптестері құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
03 сәуір 2024 ж. 69 0