Тұрақты төлем – сапалы қызмет кепілі
Қазіргі таңда жер жаһанды электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Заман жылжып, жаңа техникалар дамыған сайын энергетика саласының да маңыздылығы арта түсуде. Мұны үйіңізде бір күн жарық өшіп қалғанда кететін берекеден-ақ байқауға болады. Республикада желтоқсан айының үшінші жексенбісі энергетика саласы мамандарының кәсіби мерекесі болып белгіленген. Осы мереке қарсаңында Шиелі аудандық мәслихатының IV және VII Қызылорда облыстық мәслихатының V және VІ шақырылымның депутаты, «Шиелі Жарығы» ЖШС директоры Қалмырза Қасымовпен сұқбаттасқан болатынбыз.
– Ассалаумағалейкум, Қалмырза Айдарұлы, әуелі сұрағымызды «Шиелі Жарығы» ЖШС тарихынан бастасақ? Аудан халқына қызмет етіп жүргендеріңізге қанша жыл болды?
– Негізінен «Шиелі Жарығы»ЖШС– энергия жабдықтаушы мекеме болып табылады. ҚР Электр энергия туралы заңына сәйкес электр энергетика нарығына қатысушылар өндіруші, тасымалдаушы және энергия жабдықтаушы мекемелер болып бөлінеді.Жалпы, Шиелі жарығы 1997жылы құрылды. Бірақ, 1998 жылдан бастап ҚР заңдылықтары негізінде электр энергиясы нарығында қызмет істеуде. Яғни, биыл 23 жыл болды. Бастапқыда Шиелі ауданы тұтынушыларын электр энергиямен қамтамасыздандырды. Одан кейін, 2007 жылы Сырдария ауданын, 2008 жылы Жаңақорған ауданын, 2013 жылдан бастап Жалағаш, Қармақшы аудандарына қызмет көрсетіп келеміз. Облыста электр энергиясын тасымалдаушы «Қызылорда Электр тораптары Желілері компаниясы» АҚ мекемесі жұмыс істейді. Облыстың әр аудандарында электр тораптары бар.

– Бүгінгі таңда серіктестікте қанша адамды жұмыспен қамтып отырсыз? Олардың атқаратын қызметтері қандай?
– Қазір біздің серіктестікте 134 адам жұмыс істейді. Үнемі тиянақтылық пен ұқыптылықты қатаң қағидаға айналдырған біздің қызметкерлер қателікке жол бермеуді басты назарда ұстайды. Барлығы да электр жүйесінің қыр-сырына қаныққан. Электр энергиясын пайдалану төлем есебін жасап, бақылап отыратын аранайы бағдарлама 2000 жылдан бері жұмыс істеуде. Ол заман талабына, күнделікті туындайтын қажеттілікке байланысты модернизацияланып отырады. Жеке тұтынушылардың пайдаланған электр энергиясына кассалық жүйе, интернет жүйесі ментерминалдар арқылы, басқада заманауи карталық жүйелер арқылы төлемі жүргізіліп келеді.

– Қалмырза Айдарұлы, бұл салаға қалай келдіңіз? Өзіңіздің жұмыс тәжірибеңіз туралы айтып өтсеңіз?
– Бұл мамандыққа оқушы кезімнен қызықтым. Содан, мамандық таңдауда жаңылыспай, халыққа қызмет көрсетуді мақсат тұттым. Осы кезге дейін түрлі қиындықты бастан өткердік. Алдымдағы аға буын өкілдерінен білмегенді үйреніп, мол тәжірибе жинақтадым. 1999 жылдан бастап «Шиелі Жарығы» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқардым. Кейіннен 2002 жылдан «Шиелі-Жарығы» ЖШС атқарушы директоры, 2006 жылдан бастап директоры қызметін атқарып келемін. Ол кезде тек бір ғана ауданды қамтитын едік. Қазір бес ауданды жарықпен қаматамасыз етіп отырмыз.

– Әр кәсіптің өзіндік қиындығы мен қызығы болатыны бесенеден белгілі. Энергетика саласының біз білмейтін сыры қандай? Жұмыс барысында кедергілер мен қиындықтар жайлы баяндап берсеңіз?
– Жұмыс болған соң, қиындықсыз болмайды. Қазіргі таңда тұтынушылардың талғамы жоғары. Электр энергиясын беруде іркілістерге жол берілмейді. Серіктестік өз қызметін көрсету аясында электр энергия нарығын ұйымдастырушы ретінде электр энергиясын өндірушілерге алдын ала төлем жасай отырып, тасымалдаушы компаниялармен нақты қызмет үшін есеп айырысады. Тұтынушыларға келер болсақ, әр тұтынушының пайдаланған электр энергиясы көлемі әр есепті айдың соңында есепке алынып отырады. Сондықтан, тұтынушылар ай сайынғы төлемді уақытылы төлеп отырса деген тілегіміз бар. Яғни, тұрақты төлем – сапалы қызмет көрсетудің бір тетігі.Осындай кедергілер мен қиындықтарды еңсеру үшін, яғни, кассалық қаржы тапшылығын болдырмау мақсатында серіктестік бүгінгі күні 250 миллион теңге көлемінде несие алды.

– Қазір жарықтың тарифіқанша теңге? Өткен жылдағыдан өзгеріс бар ма?
– Электр энергиясының тарифі арнайы мемлектеттік өкілетті органның келісімі негізінде өзгертіліп отырады. Бағасы өзгертілген жағдайда серкітестік тұтынушыларға бұқаралық ақарапат құралдары арқылы хабарлама береді. Бүгінгі күнге электр энергияның базалық тарифі 1 кВТ сағатына – қосымша құн салығынсыз – 18,43 теңге, ал қосымша құн салығымен – 20,6416 теңгені құрайды. Оның ішінде, жеке тұтынушыларға 1 кВт сағаты қосымша құн салығымен 18 теңге 23 тиынды құрайды. Сонымен қатар, отбасындағы адам санына байланысты пайдалану көлеміне қарай сараланған тарифтер қолданылады.

– Аудандағы энергетика саласында қандай жаңалықтар бар?
– Соңғы кездері мемлекет тарпынан қолдаулар жасалынып, аудан көлменде бірнеше ықшам аудандарында инфрақұрылымдар салынды. Ол дегеніңіз жаңадан үй салынатын жер телімдеріне жол, электр желілері, су құбырлары және т.б. желілер тартылады. Сонымен қатар, кент және бірнеше елде мекендерде энергиямен тасымалдаушы «КЭТЖК» АҚ сыртқы көздерден инвестиция тартып, ішкі элетр желілерін 60-70 процентке дейін ауыстырылды. Сонда да кезек күттірмейтін мәселелер көп.

– Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан
Шапағат Тілеубаев
Шапағат Тілеубаев