Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандығымды мақтаныш етемін

Мамандығымды мақтаныш етемін



Александр Отлетов Шиеліде туып, осында өніп-өскен маман. Аудандағы №46 А.С.Пушкин атындағы орта мектепті бітірген соң, жұмысшы мамандығын таңдап, содан бері өзі жұмыс істейтін кәсіпорынға қалтқысыз қызмет етіп келеді. «Қарамұрын» кенішінде тәлімгерлері Нұрлан Бәкіров пен Сергей Шестаковтан тағлым алған Александр Отлетов соңғы 11 жыл бойы «Семізбай-U» ЖШС «Иіркөл» кеніші аппаратшы-гидрометаллургі. Мамандығы бойынша алтыншы дәрежесі бар, бұл – оның біліктілігіне берілген баға. Цехтағы әріптестері де оны өз ісінің нағыз майталманы дегенге күмәнданған емес. Адал еңбегі үшін Александр 2-дәрежелі «ҚР атом саласына еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталған. Әр жылдардағы жетістіктің дәлеліндей түрлі грамоталары мен дипломдары өз алдына бір төбе.
– Александр өз ісінің шебері болумен шектелген емес. Ол кеніштің қоғамдық өміріне де белсене қатысып отырады. Жастарды отансүйгіштікке, туған жерге қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеудің ең дұрыс жолы – өзіңнің өнеге көрсетуің. Александр артық сөзден гөрі, нақты істің адамы. Сонысымен де ұжымға сыйлы, – дейді бізбен әңгімелескен цех басшысы Мұрат Бегайдаров. Александр Отлетов сондай-ақ, мықты отағасы, үлгілі әке ретінде де танылған. Жұбайы Ольга екеуі қос қыз тәрбиелеп өсірген. Тұңғышы Анна Орынбор мемлекеттік университетінде оқиды, болашақ қаржыгер. Кенжесі Анастасия былтыр мектеп табалдырығын алғаш аттады.
– Мен өз мамандығымды мақтаныш етемін. Жұмыс өте жауапты, мен маңызды технологиялық процестерді қадағалап тұрамын. Сондықтан босаңсуға мұрша жоқ, – дейді Александр күліп. – Цехтағылардың бәрі де білікті мамандар, біз бір тату отбасының мүшелері сияқтымыз. Мақсатымыз да ортақ – күнделікті еңбегімізбен кәсіпорынның, сол арқылы бүкіл еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосу.

Мақсұт Ибрашев.
15 мамыр 2018 ж. 1 038 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930