Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚазҰУ-да 10 инновациялық зертхана ашылды

ҚазҰУ-да 10 инновациялық зертхана ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы ашылды. Жаңа ғылыми орталықтың құрамына Тұрақты даму мақсаттарын іске асыратын 10 инновациялық зертхана кіреді.

ҚазҰУ-да 10 инновациялық зертхана ашылды

Жоба Ғылым және жоғары білім министрлігінің нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде іске асты.
Ғылыми орталық климат және модельдеу, цифрлық картография және қолданбалы геодезия, GlobalSky (атмосфералық зерттеулердің инновациялық зертханасы), тұрақты туризм, су ресурстарының сапасын талдау бағытында жұмыс істейді. Сонымен қатар ландшафттардың деградациясын геоақпараттық талдау, геодемографиялық және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, экологиялық қауіпсіздік, топырақ экологиясы, қоршаған ортаны бақылау шараларын іске асырады.
Қоршаған ортаның жаһандық өзгеруі жағдайында табиғат пен қоғамның өзара іс-қимыл заңдылықтарын анықтау, Қазақстан өңірлерін тұрақты дамыту мақсатында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша жасыл технологияларды әзірлеу және енгізуді мақсат ететін орталықта геожүйелердің, топырақтың, рельефтің және ландшафттардың табиғи және антропогендік динамикасы, табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерін әзірлеу, тұрақты дамудың аймақтық ерекшеліктері, геоақпараттық технологиялар және картаға түсіру сияқты зерттеу бағыттары жүзеге асатын болады.
Орталықтың ашылу салтанатына ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, РФ ғылым және жоғары білім вице-министрі Константин Могилевский, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі  Властимил Самек, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі  Якуп Бериш, консорциумның мегагрант бойынша серіктестері қатысып, жаңа орталықтың университеттік ғылымды дамытуға қосатын қомақты үлесін атап өтті.
Жаңа орталықты география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Әлия Ақтымбаева арнайы таныстырды. Былтыр ҚазҰУ-дың географ-ғалымдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінен 3,8 млрд теңге көлемінде мегагрант ұтып алған болатын. Іске асып жатқан бірлескен бағдарлама Батыс Қазақстан өңіріндегі экологиялық мәселелер бойынша стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған. Жоба үш жыл мерзімге арналған.
31 наурыз 2024 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031