Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » BENEFIT КОНЦЕРТ: 7 МУЗА

BENEFIT КОНЦЕРТ: 7 МУЗА

Н.Бекежанов атындағы академиялық драма театрында облыстық білім басқармасы мен “Open Hearts Kzo” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеленушілерінің “7 муза. Жұлдыздар жарқырайды” Benefit концерті өтті.
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің талантын одан әрі шыңдау, кәсіби сахнаға бейімдеу, балаларды әлеуметтік кәсіпкерлікке баулу, қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсартуға бейімдеу, тәрбиеленушілердің білік-дағдыларын болашақта кәсіп негізіне бағыттау мақсатында ұйымдастырылған концертте жас өрендеріміз танымал өнер тарландарымен бірге өнер көрсетті.
Театр фоесінде балалардың өздері жасаған қолөнер бұйымдары мен аспаздық өнімдерінің жәрмеңкесі, «Art studio», «Жас сәулетшілер», «Робототехника», «Needle work», «Hand made» үйірмелері жұмыстарының көрмесі жасалынды.
Кеш соңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бектұр Асанханұлы “7 муза. Жұлдыздар жарқырайды” Benefit концертін өткізуге үлес қосқан кеш қонақтары мен ұйымдастырушыларға облыс әкімінің “Алғыс хаты” мен “Біздің Муза” статуэткасын табыстады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
20 наурыз 2024 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031