Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ 85 ЖАСТА

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ 85 ЖАСТА

Ақпарат құралдарының өкілдеріне деген бұқара халықтың сенімі жылдан-жылға арта түспесе, кеми қойған жоқ. Халық қоғамдағы күрмеуі қиын шетін мәселенің түйінін тарқату үшін кейде БАҚ-тың көмегіне жүгінгенді жөн көріп жатады. Бұл баспасөздің төртінші билік деңгейінен түспегендігінің дәлелі болса керек.
Газет – өзінің жаратылысынан шындықтың айнасы, адамгершілік пен ізгіліктің үлгісі. Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеті де 85 жыл бойына аудан тарихымен бірге жасасып, халықтың мұң-мүддесін шешуге, тәрбиелі мәнімен, шығармашылық бағытымен үлес қосып келеді.
Ең алғашқы саны 1939 жылы 19 наурызда «Стахановшы» деген атпен жарық көрген Шиелі аудандық «Өскен өңір» қоғамдық-саяси газетіне биыл 85 жыл толып отыр. 1956 жылы «Коммунизм жолы», ал 1963 жылы «Өскен өңір» атымен шығып келген аудандық газетте киелі Шиелі өңіріндегі жетістіктер мен тарихи сәттер, кемшін тұстары мен келешегі жайында сан түрлі мақалалар жарық көрді. Дәуір айнасына айналған басылымның әр кезеңінде қаламы қарымды, ойы ұшқыр, сөзі өткір тілшілер қалам тартты. Бұл басылым аудандық, ауылдық кеңестердің рөлін көтерумен бірге бір шоғыр болашақ ақынжазушыларды бесігін де тербетті, олардың көпшілігі республикалық ақпарат құралдарында бүгінгі таңда абыроймен жемісті еңбек етіп, шығармашылық жолдарын жалғастыруда.
Газет арқылы адам күн сайын басқа жандармен пікір алысады, өзін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап табады, әр нәрседен хабардар болып, өзіне бағалы деген дүниені тауып, белгілі қорытынды жасайды. Өзінің 85 жылында «Өскен өңір» газеті ұлт ұясы атанған Шиелі өңірінің жылнамасын жасап, өзіндік бағыт-бағдары, бет-бейнесі бар басылым ретінде елге танылды. Өзге де басылымдар сияқты талай кезеңді бастан өткерді. Қай қоғамда болса да, ол өз оқырмандарына қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Барлық ірі оқиғалар, дүбірлі жиындар, басқа да түрлі мәселелер газет бетінен әркез көрініс тауып жатады. Өмірлік мәселелерді қамтып, оқырманның сұранысын қанағаттандыру бағытында редакция ұжымы тыным таппай жұмыс істеп келеді. Елдің, жердің, халықтың, жұрттың жоғын жоқтап, түгесілгенін түгендеуге атсалысып, кемшілік көрсе, теріп жазбай тура жазып, тер төгіп еңбек етіп келеді.
«Өскен өңір» – Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі кезеңде де өз оқырманының тілегімен үндескен басылым. Оның таралымы жылданжылға кеңейіп, қазіргі кездегі саны бес мыңнан асып жығылады. Аудан жұртшылығы іздеп жүріп оқитындай басылымға айналды. Редакцияның жүрегі болып табылатын шығармашылық ұжым жасарған. Ұжым мүшелері әркез ауызбірлікте, ұйымшылдықта болып, газеттің беделін биіктетуге бар күшжігерлерін жұмсайды. Оның ішінде шығармашылық ұжымның шабытын шыңдап, бағыт-бағдар беретін бас редактор Нұрболат Пірімбет, редактордың орынбасары Гүлнәр Дүйсебай, газеттің әр бетін түрлі дизайнмен әрлеп, сапалы шығуын қамтамасыз ететін Ерұлан Даткенов, ізденімпаз тілші Гүлхан Яхияева мен Сұлушаш Мадиярова, жас тілшілер Таслима Әлішер, Айнұр Ибрашева, Мейіржан Ибрагимов, газетті фотолармен көркемдеп отыратын фототілші Бақытжан Бәйімбеттің де еңбегін жоғары бағалау қажет. Сондай-ақ ұжымда бас маман Абылайхан Сақтағанов, менеджер Элвира ¬Ахметова, баспасөз маманы 30 жылдық тәжірибесі бар Күләш Мырзаеваның да газеттің өсіп-өркендеуіне қосар өзіндік үлестері бар. Ұжымның әр ісіне ұйымшылдықпен атсалысатын техқызметкерлер – Гүлнар Нұрекеева мен Дастан Балтабай, Серік Асанов, Нұрбол Бектұрғанов тәжірибесі мол жандар.
Атақты ағылшын жазушысы Марк Твен «Дүниенің бұрыш-бұрышына жарық беретін екі-ақ күш бар. Оның бірі – аспандағы күн, екіншісі – жердегі газет» деген екен. Әрине, бұл салыстыру тым асыра сілтегендік болып көрінгенімен, онда айнақатесіз шындық бар екені талассыз. Бұның өзі баспасөз қызметкері көтерер жүктің деңгейін танытады. Жергілікті газет өміршеңдігін толық дәлелдеп берді. Туған жері тірек, туған жұрты жүрек болып соғып тұрған заманда газеттің тынысы түгесіліп, өрісі тарылмақ емес. Олай болса, «Өскен өңір» бізге дейін өмірге келген болса, бізден кейін де өмір сүре бермек. «Газеттің өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік» деген нақыл бар халық арасында. Міне, сол, соңында мың күндік мақалалар қалдырып, талай асудан асып, толайым биіктерді бағындырған қария газет «Өскен өңір» 85 жасқа толып отыр. Жаңалықтың жаршысына алдағы уақытта да абырой-мәртебең арта берсін демекпіз.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ

19 наурыз 2024 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930