Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалағаш ауданында қап шығаратын зауыт іске қосылды

Жалағаш ауданында қап шығаратын зауыт іске қосылды

Бүгінде қап шығаратын зауыт өніміне сұраныс жоғары. Отандық өнімнің әлеуетін арттырғысы келетін кәсіп иелерінің басты мақсаты – сырттан келетін тауарларды ығыстырып, өнімнің қолданыс аясын кеңейту.

Жергілікті кәсіпкер Рүстем Құдабай “Ауыл аманаты” жоба аясында “Құдабай” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, өндіріс саласымен жеңілдетілген 2.5 пайызбен несие алып, өз жұмысын бастады.

Қазіргі таңда зауыт негізгі ауыл шаруашылығы өндірушілердің сұранысына сәйкес әр түрлі пішінде қаптарын дайындауда. Өндіріс ошағы күніне 10 мың қап тоқиды. Аталған цех қазіргі таңда 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.

Жалпы ауданда қаржы институттары арқылы 4,8 млрд. теңге тартылып, 206 жоба қаржыландырылды.Қолдау шараларының негізінде 207 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалағаш кентінен жалпы құны 200,0 млн. теңгені құрайтын 120 орындықтиптік жобадағы «Жеті-қазына» жеке балабақшасы пайдалануға беріліп, 18 жаңа жұмыс орны ашылған болатын. Құны 200 млн. теңгені құрайтын жеке кәсіпкерлік«Далида», «Мега планета» сауда орталықтары да аудан экономикасына үлкен үлес қосып тұр.


Өңірде өндірістік жобаларға да басымдық беріліп келеді. Атап айтқанда, 2023 жылы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында 1 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды.

Біріншісі: «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы». Қазіргі таңда ферма құрылысы толық аяқталып, Чехия мемлекетінен 96 бас «Симентал» тұқымды сүтті ірі қара малдары алынды. Жоба тәулігіне 3000 литр сүт өңдеп, өнім шығарады. Жоба аясында 10 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Екіншісі: «АВ-AGRO» ЖШС-нің құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты. Жоба толықтай іске қосылды. Тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіруде.
15 наурыз 2024 ж. 125 0