Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ ЖОБАЛАР

ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ ЖОБАЛАР

Шиелі ауданында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 1,6 млрд теңгенің 409 жобасы ұсынылып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов баяндады.

Жалпы ауданда 7523 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның ішінде, жұмыс істеп тұрғаны-7254. Бұл тиісті кезеңмен салыстырғанда 114,9 пайызды құрап отыр.

-2023 жылы ауданда сауда саттық және туризм саласы бойынша құны 2 млрд теңгені құрайтын 10 жобаның құрылыс жұмыстары басталып, бүгінде 2 нысан пайдалануға берілді. 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Жыл соңына дейін қалған жоспарланған жобалар іске қосылғанда 250 жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ есепті кезеңге мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2 млрд 687 млн. теңгені құрайтын 225 жоба шағын несие және грант қаражатын алып, 350 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұған қоса, жастарға 2,5 пайызбен 20 азаматқа шағын несие беру жоспарланған бүгінгі күнге 22 жоба өңірлік комиссияның оң қорытындысын алып, 7 жоба 31,5 млн теңгеге қаржыландырылды. Қалған оң қорытынды алған 15 жобаға 67,5 млн теңгеге қаржыландыру күтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Жалпыұлттық жобалар аясында биыл ауданда өндіріс бағытында 24,8 млрд теңгені құрайтын 5 жеке инвестициялық жобалар іске асырылуда, жобалар толық іске қосылған кезде 590 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жалпы ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалуы тұрақты бақылауда,-деді Нұржан Сәбитұлы.

@Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
04 тамыз 2023 ж. 287 0