КӨКТЕМГІ КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Көркейту жұмыстарына жергілікті деңгейдегі мекемелер мен тұрғындар жұмылдыру жоспарланған.
Аудан әкімі көркейту-көгалдандыру жұмыстарына аса мән берілуін айтып, сала басшыларына нақты тапсырмаларын берді.
Ағымдағы жылы егілген жасыл желектерді суаруға ұңғымалы тік дренажды су насостары құрылғыларын И.Әбдікәрімов, Ш.Бәкіров, А.Яссауи және Ы.Жақаев саябағына орнатуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Туған топырағымызды таза ұстап, абаттандырып, жасыл желекке бөлеу– баршамыздың басты борышымыз.
Сондықтан көгалдандыру-көркейту ісіне біркісідей бірлікпен атсалысайық!