Эхинококкоз ауруы мен одан сақтану жолдары
Эхинококкоз– созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және басқа мүшелердің зақымдануымен сипатталатын паразиттік ауру, онда көптеген кистозды түзілістер қалыптасады, бұл мүгедектікке әкелуге немесе асқынған жағдайларда өліммен аяқталуі мүмкін.
Адамдар үшін эхинококкоздың негізгі көзі - иттер, ал сирек қасқырлар, түлкілер және шакалдар болып табылады. Адам және ауыл шаруашылығы жануарлары (қой, шошқа, сиыр, жылқы және т.б.) эхинококкоздың аралық иесі қызметін атқарады.
Аурудың қоздырғышы - гельминт Echinococcus granulosus. Эхинококкоздың арамдылығы оның ұзақ уақыт бойы белгісіз болып 5 жылдан 20 жылға дейін немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін екендігінде.
Шиелі ауданында 2023 жылы 6 жағдай тіркелді, оның ішінде 3 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында, бұл жалпы ауру санының 50 % құрайды.
Эхинококкозды жұқтыру жолдары
Адамдар жұқпаны ауырған жануарлармен (иттер, ірі және ұсақ қара мал, жабайы жыртқыштар) байланыс кезінде, жабайы жидектер мен шөптерді жинау және жеген кезінде, теріні өңдеу кезде, гельминт жұмыртқасынмен ластанған бұлақтардың немесе су қоймасының суын пайдалану кезінде жұқтырып алуы мүмкін. Иттер эхинококкоз ауруын құрт өсінділерімен зақымданған жануарлардың ішкі мүшелерін жегенде жұқтырып алады.
Аурудың берілу факторлары - лас қолдар, кейде көкөністер, жемістер, жасылдар болып табылады. Эхинококкозды жұқтыру қаупі жоғары топқа ауыл тұрғындары, аңшылар, иттермен байланыста болған адамдар және балалар жатады.
Эхинококкозбен зақымдану үй ауласында серуендеу кезінде ауру иттердің жүндеріндегі эхинококкок құртарын жұқтырып алған сау иттер арқылы болатынын да әрқашан есте ұстаған жөн. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтамаудан паразит жұмыртқасы тағаммен немесе сумен ішке өтеді. Бала итпен немесе эхинококкоз қоздырғыштерымен ластанған ойыншықтармен ойнаған кезде, осы паразиттің жұмыртқасы аузына түсуі мүмкін. Егерде бір бөлмеде итпен бірге мысық болса, оның жүні де гельминт жұмыртқасымен зақымдануы мүмкін.
Эхинококкоздың белгілері
Аурудың белгілері таспа құрттың орналасуына байланысты болады. Бауырды зақымдағанда кезде сарғаю пайда болуы мүмкін, оң жақ қабырғаның астында ауырлық сезімі, бауырдың ұлғаюы, оң қол мен арқаға берілетін ауырсыну байқалады. Паразит өкпеде болған кезде ентігу, қан түкіру, кеуденің ауырсынуы, жөтел пайда болады.
Эхинококкоз диагнозы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін (ультродыбыстық зерттеу, рентгенография, компьютерлік томография) қолдану арқылы анықталады. Эхинококкозды емдеу тек хирургиялық әдіспен жүзеге асырылады. Емдеуден кейін эхинококкозбен ауыратын науқастар диспансерлік еспте тұруы керек.
Эхинококкозды ерте анықтау мақсатында ветеринариялық қызмет, ет комбинаттары, мал сою пункттері, мал өсірушілер, аңшылар, ит өсірушілер және олардың отбасы мүшелері жыл сайын эхинококкозға зертханалық тексеруден өтуі қажет.
Эхинококкоздың алдын алуы
Эхинококкоздың алдын ал Шиелі аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасымамандары келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
- жеке гигиена ережелерін сақтау: иттермен және кез келген басқа жануарлармен байланыста болған сайын немесе бақшада жұмыс істегеннен, аулада ойнағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
- балалардың қаңғыбас иттермен ойнауына жол бермеу;
- ашық су қоймаларынан су ішпеу;
- тағамға қолданылатын көкөністер мен шөптерді, жидектерді жақсылап жуу;
- үй иттерін дегельминтизациялауды жүргізу.
Шиелі аудандық
СЭББ басшысы Г.Айтекеева