Сарыптан сақтан
Көп жылдан бері облыс, аудан көлемінде үнемі мәселе ретінде көтеріліп, ақпарат құралдарына жарияланып, айтылып жүрген әлеуметтік мәселенің бірі адам мен жануарларға ортақ сарып (бруцеллез) індеті екенін көпшілік жақсы біледі. Егер сарып індетіне қарсы шұғыл шаралар қолданылмаса, мал шаруашылығы орасан зор шығынға ұшырайды.
Сарып (бруцеллез) – адамдар мен жануарлардың созылмалы, өткір инфекциялық-аллергиялық ауруы. Ол өкпенің қабынуы, лимфа түйіндерінің, жүйке жүйесінің және тірек-қимыл аппаратының зақымдалуымен сипатталады, барлық жерде таралған зоонозды ауру. Бруцеллез қоздырғыштары ауру малдың етінен де, сүт өнімдерінен де жұға береді. Сондықтан сүтті тек қайнатылғаннан кейін ғана пайдалану қажет, шикі немесе шала піскен етті жеудің қатерлі екенін естен шығармау керек. Ауру сырқаттың барлық мүшесіне зиянын тигізеді. Атап айтсақ, буындардың, жүрек-қан тамырларының, демалу және ас қорыту жүйелерінің, зәр шығару органдарының, орталық жүйке жүйесінің, лимфа түйіндерінің, көк бауырдың жұмысын нашарлатады, көз бен құлақтың көру және есту қабілеті төмендейді. Егер толық ем қабылдамаса, адамның мүгедек болып қалуы ықтимал. Бруцеллез малдар арасында жойылмаса, адамның да бұл ауруға ұшырауы тоқтамайды. Бруцеллез індеті адамнан адамға жұқпайды, осы індетпен ауырған мал мен оның өнімдерін пайдалану арқылы жұғады. Бруцеллез індетімен жануарлардың барлық түрі – ірі қара, жылқы, қой мен ешкі, түйе, шошқа, ит, кемірушілер мен құстар ауырады. Адамға ең қауіптісі және індеттің негізгі көзі – қой мен ешкі болып табылады. Аталған аурудың қоздырғышы ағзадан сүт, зәр, нәжіспен бірге шығады. Әсіресе, мал төлдегенде, іш-тастағанда және шуы түскенде бұлармен бірге індеттің қоздырғышы өте көп мөлшерде сыртқы ортаға шығады.

Сіз осы жоғарыда айтылған қарапайым талаптарды орындай отырып, өзіңізді, жанұяңызды бруцеллез ауруынан сақтай аласыз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы берік есте ұстағаныңыз жөн. Аурудың адамнан адамға емес, тек ауру малдан ғана жұғатынын есте ұстауыңыз керек.
Жұпарбек Күзембайұлы,
Шиелі аумақтық инспекциясының бас маманы