Көбірек кофе ішіңіз, денсаулыққа пайдасы зор!
Томас Джефферсон: "Кофе – өркениетті елдің ең сүйікті сусыны",- деген екен. Әлемде миллиондаған адамдар күніне бір мәрте болсын, қою кофе ішуді әдетке айналдырған. Бірақ, олардың көпшілігі кофенің денсаулыққа пайдасына күмәнмен қарап жатады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандарды сүйікті сусынынан бас тартпауға шақырады. Ендеше кофенің денсаулыққа, жалпы өмір салтына қаншалықты пайдасы бар екенін біле жүріңіз.
Екінші типті диабеттің қауіптілігін азайтады
Бұл ауру инсулин гармонының жетіспеушілігінен пайда болатын қандағы қант деңгейінің артуымен сипатталады. Жарты миллион адам қатысқан 18 мета-талдаудың қорытындысы бойынша кофе диабеттің алдын-алуға көмектесетіні анықталған. Күніне 3-4 шыны кофе ішу аталған дерттің қауіптілігін азайтады.
Альцгеймер ауруының алдын алады
Бұл — әлемдегі ең кең тараған нейродегенеративті ауру. Ғалымдар осы дертке қарсы кофенің тиімділігін анықтау мақсатында көптеген зерттеулер жүргізген. Зерттеу қорытындысы кофе ішу осы аурудың ықтималдығын 65%-ға азайтатынын көрсетті. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін күнделікті 3-5 шыныаяқ кофе ішу керек.
Бауыр ісігінің қатерін азайтады
Кофе біздің бауырымызға өте жақсы әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, кофені жиі ішетіндердің 80 пайызы бауыр циррозына шалдықпаған. Осы себептен, кофе бауыр обырына шалдығу қаупін де төмендетеді.
Паркинсон ауруына шалдығу қауіпін азайтады
Бұл – ересек адамдарда болатын созылмалы ауру. Орталық жүйке жүйесінің немесе ортаңғы мидың нейрондарының бүлініп немесе өліп қалуынан пайда болады. Жаңа зерттеулер күніне үш кесе кофені ішу арқылы Паркинсон ауруының қауіпін 29%-ға азайтуға болатынын дәлелдеді.
Депрессия мен суицидқа бейімділікті жояды
Депрессия – әлемдегі ең қауіпті психикалық аурулардың бірі. Зерттеу нәтижелерінде кофені жиі ішетіндердің ішінде депрессияға шалдыққандардың саны өзгелерге қарағанда 20 пайызға аз болған. Ал кофе ішкіштердің суицидке бару ықтималдылығы 55 пайызға төмендеген.
Кофе адам жасын ұзартады
Кофе құрамындағы антиоксиданттардың әсерінен ағзадағы жасушалардың қартаюын баяулатады. Кофе адам жасын ұзартып, қартайғанда болатын әртүрлі аурулардың алдын алады.