Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы екі тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды “Қазгидрометке”.

Синоптиктердің болжамынша, 12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деген болжам бар.

Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.

11 наурыз 2024 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31