Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ГҮЛ ДӘУРЕНІ БАСТАЛДЫ

ГҮЛ ДӘУРЕНІ БАСТАЛДЫ

Әне-міне дегенше, қыстың ызғары қайтып, күн райы жылынып та кетті. Шынында, қар еріп, Табиғат-Ана жасарып, өзгеше реңкке боялып, ауада жағымды көктем иісі қалықтап жүрсе, керемет емес пе?! Бұл құбылыс кез келген адамды жағымды күйге бөлейтіні сөзсіз.
«Жазға жақсы киінер қыз-келіншек, Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек», – деп дана Абай айтқандай, көктем туса, жер беті құлпырып шыға келеді. Оған сән беріп, ажарын аша түсетін әдеміліктің бірі – гүлдер. Күн жылынғалы көшеде қолдарына құшақ-құшақ гүл қысқан жандарды жиі байқаймыз. Қызықпасқа болмайды. Әрине, күтпеген жерден түрлі-түсті, хош иісті табиғат сыйына ие болса, кез келген арудың қуанышында шек болмайды. Ал осы көктемде қай гүл түрі жақыныңызды қуантуға сеп болады?
Осы сұрақты себеп етіп, аудандағы гүл дүкендерін аралап көрдік. Олардың мәлімдеуінше, халық арасында ең өтімді гүлдің түрі – раушан. Әсіресе голландтық раушан гүлдеріне сұраныс көп. Күтімі жақсы болса, 2 аптаға дейін сақталады. 1 данасы 800 теңгені құрайды. Сондайақ раушанның эсперанса деп аталатын түрі сыйлық ретінде жақсы нұсқа бола алады. Әртүрлі түсте, ерекше ашылатын бұл гүлдің бір данасы 600-800 теңге аралығында сатылады.
Әрине, көктемнің сәні саналатын қызғалдақ гүлін де ұмытпаймыз. Қырдың сәні болған, көздің жауын алатын, талай аңызға арқау болған бұл әсемдіктің 1 данасының бағасы 500 теңгені құрайды. Аталған өсімдіктердің барлығы ауданға Алматы қаласынан жеткізіледі. Гүлдердің сапасы жөнінде уайымдамасаңыз болады, себебі гүл қамқоршылары оларға жақсы күтім жасайтынын айтып өтті.
Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін мамыражай шағында жақыныңызға гүл сыйлап, қуанышқа бөлеуді ұмытпаңыз.

Таслима ӘЛІШЕР
05 наурыз 2024 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930