27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

Тәуелсіздіктің маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қоғамдастығының қалыптасуы болып табылады. Азаматтық қоғамның дамуы – билік пен бұқараның арасындағы ашықтық пен әділдікті нығайтатын алпауыт күш. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі.
Осы мерейлі сәтте аймақтың барша Үкіметтік емес ұйымдарын айшықты мерекемен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте табыс пен күш-қайрат тілейміз. Ортақ мүдде мен игілік жолында жігерлі, азаматтық мықты қоғамды бірге қалыптастыруға күш сала беріңіздер!