ЖАСТАР АРАСЫНДА “AIQAS” САЙЫСЫ ӨТТІ
Қызылордада Достық үйінде 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай “Ассамблея жастары” ұйымының белсенділері арасында “AIQAS” квиз интеллектуалды сайысы өтті.
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай квиз сайысының алғы сөзінде қатысушы командаларға сәттілік тілей отырып, жастар ұйымының жұмысын одан әрі жандандыру туралы ұсыныстарын білдірді.
Жастар арасында бірлікті нығайтып, білімді жетілдіруді көздеген сайысқа Ассамблея жастары ұйымының құрамындағы мүшелерден құралған 5 топ қатысты.
Қазылар алқасы құрамында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Инабат Жамбыл және жас дебатер Нұрсұлтан Икрамов болды.
Кезеңдер басталмас бұрын қатысушылар өз топтарын таныстырып өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Қатысушыларға «Кім тапқыр?» алғашқы кезеңінде сөз тіркестерінің мағынасын табу керек болды. Екінші «Мақал Times» кезеңінде мақал-мәтелдер жасырылды. Ал «Тұлғаны таны» кезеңінде қазақтың ақын, жазушылары мен зиялы қауым өкілдері табу керек болды. «Музlive» кезеңінде заманауи әндер жасырылды.
Әділ қазылар алқасының шешімі негізінде сайыста оқ бойы озық шығып, жүлделі бірінші орынды «ҚАЗАҚ» тобы, екінші орынды белсенді «БІРЛІК» тобы, үшінші орынды «САМҰРЫҚ» тобы жеңіп алды. «ТҰМАР», «GALAKSY» топтарына Алғыс хат табысталды.
DOSTYK_NEWS