Маска тағу режімі қайта енгізілді
Жыл сайын, әсіресе көктем, күз айларында жұқпалы вирустар күшіне мініп, елді әбігерге салып жатады. Осы жолы қызылша асқынғанда балалар жаппай вакцина салдырып, жұқпалы инфекцияның беті қайтты. Енді, міне, бірер күн бұрын еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, вице-министр Айжан Есмағамбетова ауа-тамшы арқылы жұғатын инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.
Осылайша, санитарлық маска тағу режімі қайта енгізілді. Есте болса, 2019 жылы коронавирус инфекциясы туралы хабар тарағанда көпшілік ресми ақпаратқа аса назар аудара қоймады. Ал қазір тұрғындар сақтық шаралары туралы ескертулерді қалт жібермейді. Белгілі болғандай, бүгінде елімізде эпидемиялық ахуал тұрақты. Әйтсе де коронавирус, қызылша, тұмау сынды басқа да жіті респираторлық жұқпалы вирустар алдағы екі-үш аптада күшейіп, ізінше көп ұзамай-ақ басылуы мүмкін. Мұндай болжамды мамандар қазіргі жұқпалы аурулардың таралу жиілігін, өткен жылдардағы эпидемиялық ахуалды және басқа да факторларды басшылыққа алып ұсынып отыр.
Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында 8 ақпаннан бастап санитарлық маска режімі енгізілді. Яғни елдегі барлық облыспен қоса Астана, Алматы және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармалары, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың персоналы мен емханаға келген пациенттердің медициналық маска пайдалануын қадағалау тапсырылды.
Бұған қоса облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қаласының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға меншік нысанына қарамастан, халық көп жиналатын жерлерде медициналық немесе матадан жасалған маскаларды пайдалану ұсынылады. Бұл дегеніңіз, ұсыныс әуежай, теміржол вокзалдары, базар, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театр, кинотеатр, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банк секілді қоғамдық орындарға да қатысты дегенді ұқтырады. Иә, қоғамдық орындарға қатысты қабылданып жатқан шаралар ұсыныс қана, яғни қатаң талап қойылып жатқан жоқ. Былайғы күндері, әсіресе, вирус күшейетін мезгілдерде өзінің, жақындарының саулығын ойлағандар сақтық шараларын ескеріп жүрсе, құба-құп.
Қазір елде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай қауіпті емес. Науқастардың басым көпшілігінде сырқаттың салдары жеңіл өтіп жатқан көрінеді. Ауруханада жатқан санаулы пациенттің де жағдайы жақсы. Вице-министр осы тұста алаңдауға негіз жоқ екенін тағы бір мәрте еске салды.