САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жаңа жылдағы бірінші Үкімет отырысында Қазақстандағы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, 2023 жылдың қорытындысымен жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты болды. Алдын алу шараларының арқасында оба, тырысқақ, полиомиелит сияқты 20-дан астам қауіпті жұқпалы ауру тіркелген жоқ. Сондай-ақ, коронавирус, ротавирус және жіті ішек инфекциялары бойынша сырқаттанушылық төмендеді. Жыл соңында елде 29 мыңнан астам қызылша жұқтыру дерегі тіркелді, оның 80%-ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Осыған байланысты Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы, басқа да профилактикалық екпелерді салу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Үкімет жиынынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, аймақта профилактикалық бағыттағы жаппай, жоспарлы және толықтырып иммундауды әрі қарай жоспарлы түрде жалғастыру қажеттігін ескертті.
«Бүгінгі отырыста Үкімет басшысы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде аса қауіпті және жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарын жүйелі әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Өңірімізде коронавирус инфекциясы 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 55 есе төмендеген. Алайда, өткен жылы қызылша ауруының 1 682 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қараша айынан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасы өтті. Қазір облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты», – деді аймақ басшысы.
Мәжіліс қорытындысымен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қызылша, қызамық, паротит және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауда атқарылуы тиіс жұмыстар тапсырылды. Алдағы уақытта оқу орындарында эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралар толық ұйымдастырылуы тиіс. Халық арасында иммундаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Меншік нысанына қарамастан облыстағы балабақша балаларының екпе құжаттарына ревизия жүргізіп, егілмеген балаларды ата-аналарының рұқсатымен жаппай иммундау шараларына тарту маңызды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына вакциналау жұмыстарын жалғастырып, жалған профилактикалық егудің алдын алу туралы тапсырма берілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі