Қызылша– жіті жұқпалы вирустық жоғары жұқпалы ауру
Қызылша круп (көмей стенозы), қызылша энцефалиті (мидың қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы), пневмония (өкпенің қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті. Кез-келген асқынудан науқас мүгедек болып, өлуі мүмкін.
Қызылшаға кіретін барлық вирустық инфекцияларды емдеу қиын. Қызылшаны емдеуге арналған арнайы препарат жоқ. Антибиотиктер тек қызылшаның асқынуын емдеу үшін тағайындалады. Қызылшадан вакцинация алу арқылы ғана қорғануға болады.
Қызылшаға қарсы вакцинацияны жүргізу мерзімі 1 жаста және 6 жаста ҚР Ұлттық егу күнтізбесінде көрсетілген. Белсенді иммунитетті құру мақсатында егу күнтізбесіне сәйкес тірі вакцинамен (ККП) жоспарлы вакцинопрофилактика жүргізіледі, балалардың нысаналы топтарын вакцинациямен қамту кемінде 95%-құрауы тиіс. Қызылшаға қарсы иммунитеті жоқ – вакцинацияланбаған және ауырмаған адамдар қызылшамен ауыратынын есте ұстаған жөн.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2023 жылғы 01 қарашадағы №7 «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысына сәйкес 6 қарашадан бастап Қазақстанда 6 айдан 10 айға дейінгі 29 күндік балаларға қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны басталды. 5 желтоқсаннан бастап қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар 11 ай 29 күн, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммундауы жоқ, медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері егіле бастайды.
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы орынбасары Болатова Гүлстан Бегайдарқызы