Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ»

«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ»

Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқауға аудан мектептерінен 16 мұғалім қатысты. Бірінші бөлімінде өзін-өзі таныстыру болып, ұстаздар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің кәсіби іс-тәжірибесін ауызша ұсынды.
Екінші бөлімінде педагогикалық идея немесе жобаны ұсыну барысында мұғалімдер өздерінің жұмыс жүйесіндегі негізгі идеяны, кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісін талдай білуді тәжірибелік түрде жүзеге асыру т.б педагогикалық идеяларын баяндама жасап, бөлісті.
Нәтижесінде №127 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Рысдаулетов Еркебұлан жүлделі орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына қатысушыларға сәттілік тілейміз!

13 ақпан 2024 ж. 312 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 40

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930