Химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасу семинары өтті

Семинар барысында филиалдың аға оқытушысы Жанар Рзабекқызы ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы құзыреттіліктер және дағдыларды дамыту қажеттілігі мен оқыту үдерісінде жүзеге асыру жолдары бойынша құнды ақпараттармен бөлісті. Семинарға қатысушы мұғалімдермен «Дағдылар картасын» құрастыру негізінде практикалық жұмыс жүргізді.
Теориялық ақпаратты практикалық тұрғыда жетілдіру мақсатында пән мұғалімдері «Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалардың ерекшеліктері», «Химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар», «Биология сабағында оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту тапсырмалары» және «Химия сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы облыстың білім беру ұйымдарының инновациялық қызметін əдістемелік тұрғыда қолдауға бағытталған әдістемелік шаралар ауқымын кеңейтіп, педагогтердің кәсіби деңгейін дамыту жұмыстарын жыл бойы жалғастыратын болады.
Дереккөз: Шиелі аудандық білім бөлімі