Әлемдік нарықтағы Қазақстан күріші
Қай мемлекеттің болсын экономикасындағы маңызды саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Қазақстанда бидай мен күріш, сондай-ақ өзге дәнді дақылдарды өсіруде шаруалардың еңбегі орасан.
Ауыл шаруашылығы министрлігі берген мәліметке сүйенсек, республика бойынша былтыр қаңтар мен қараша айы аралығында агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 5 пайызға ұлғайып, 4,9 млрд долларды құрапты. Негізгі өнімдерден балық, бақша дақылдары, қамыс, көкөністен бөлек, 6,7 млн тонна бидай, 21,9 мың тонна сиыр мен қой еті экспортталған. Ал сырт мемлекеттерге жөнелтілген дақылдар ішінде күріштің үлесі 110 мың тоннаны құрап отыр.
Әлемде күріш егуден алдыңғы орында Қытай мемлекетінің тұрғаны айтылады. Одан кейінгі Үндістан да бұл дақылды көптеп егеді. Ал жапондардың күрішке деген құрметі ерекше. Дақылға мемлекеттік рәміз деп қарап, тіл мен ұлт намысы ретінде ерекше құрметтейді. Тіпті жапон тілінің көп сөзі күріш кәсібінің айналасында деген дерек те бар.
Күрішті 80-нен астам мемлекет өсірсе, Қазақстан осы сапта тұр. Оның ішінде республика бойынша күріштің негізгі отаны – Сыр бойы екені рас. Бұдан бөлек, Түркістан, Жетісу, Алматы облыстарындағы шаруалар да айналысады. Бір жақсысы, осы өніммен өзімізді қамтып қана қоймай, өзге де мемлекеттерге шығарып жүрміз. Әрине, құрғақшылық қысса да ыстық күндері егін алқаптарында жүрген диқандар еңбегінің нәтижесі – бұл.
Экспорт демекші, біз өзге мемлекеттерге сатылатын ақталған күріштің бағасын білмек болғанбыз. Бірақ онымен айналысатын жекеленген компания өкілдері бұның «коммерциялық құпия» екенін айтты. Сапасына һәм сұрпына байланысты бағасы да әртүрлі. Осыған байланысты күріш өндірушілер өзара ішкі келісім арқылы өнімін экспортқа түрлі бағамен шығарады екен. Бір белгілісі, ол ішкі нарықтағы бағадан 10-15 пайыз жоғары болып отыр.
Ал ішкі нарыққа келсек, Қазақстанда ақталған күріштің бір килосы – 487 теңге. Орташа баға осы. Демек әр облыс орталығы мен қалаларда өнімді сату бағасы әртүрлі деген сөз.
Жоғарыда айтқан экспортқа оралсақ. Жалпы, өзге мемлекеттерге сатылатын күріштің негізгі үлесі қызылордалық кәсіпорындарға тиесілі. Күріш өнімін шетелдерге 30-дан астам кәсіпорын шығарып келеді. Статистикаға сәйкес, былтыр жыл басынан желтоқсан айына дейін дәл осы өңірден құны 27,8 млн долларды құрайтын, 52,2 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі экспортталыпты. Олардың қатарында күріш, балық, қамыс, қауын-қарбыз, қызанақ, көкөніс және күріш қалдығы бар. Бұл өнімдер 21 мемлекетке жіберілген. Бұның ішінде барлық экспортталған өнімнің 86 пайызын күріш құрап отыр. 45 мың тоннаға жуық күріш 18,2 млн долларға сатылған. Күрішті сатып алушылар қатарында көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстаннан бөлек, Украина, Грузия, Литва, Әзербайжан, Беларусь, Ирак және Моңғолия елдері де бар.
Суармалы егістік саналатын күріш дақылының бейнеті айтпаса да түсінікті шығар. Табанында үнемі су жатпаса, өнім бермейтін егін алқаптарында диқан қауымның қиындықты белуардан кешетіні белгілі. Ал жыл сайын су тапшылығына байланысты күріш егістігінің көлемі қысқартылып келеді.
Енді бір қызық жайт, елімізде жеке тұлғалардан қаржы алып, күріш өсіретін шаруашылықтар бар. Бұл жерде бағаны ақша беріп отырған инвестор қоюы әбден мүмкін. Бір ғана мысал, былтыр ақталмаған бір кило күріш бағасы 110-120 теңге болған. Ал биыл 130-140 теңге шамасында сатылады деп болжанып отыр. Осылайша бірнеше мың тонна күріштің ақшасын алдын ала алып, тіршілік етіп отырған шаруашылық күзгі науқан кезінде бар өнімін қарызының өтеуі есебінде қаржыландырушы инвестордың жеке қамбасына құйып жүр.
Қорыта айтқанда, күрделі жағдайға қарамастан қиындыққа төзіп, мол өнім алуды мақсат тұтқан егінші еңбегі мың мәрте құрметке лайық.
Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»
https://egemen.kz