Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 43 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

43 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ


Бейсенбі күні Шиелі аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті.


Мұндай шаралар жұмыс берушіге де, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға да үлкен мүмкіндік береді. Мәселен, жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін бірнеше жұмыс берушіге ұсына алады. Жұмыс берушілер де жәрмеңке арқылы өздеріне қажетті азаматтарды тез табуына мүмкіндік алады. Ұйымдастырылған шараның мақсаты – бұрын сотты болғандарды қалыпты өмірге бейімдеу және жұмысқа орналастыру болып табылады. Есепте тұрған азаматтар әртүрлі қылмыспен жауапқа тартылған. Абайсызда қылмыс жасаған адам психологиялық дағдарысқа ұшырап, қоршаған ортамен де моральдық тұрғыда іштей болса да шеттеледі. Осыны ескере отырып аудан көлеміндегі 25 жұмыс беруші мекемеден 43 бос жұмыс орны бойынша сұраныс келіп түсті. Атап айтқанда, «Волковгеология» АҚ №23 Геологиялық барлау экспедициясы, «Гежуба Шиелі цемент компаниясы», «СтЭМП-Б.С» және «ШиеліЖолшы» ЖШС-гі тарапынан 23 бос жұмыс орнына 14 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды. Қызылорда облысының 2024 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы №235 қаулысымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші мекемелердің квотасы белгіленген. Жәрмеңкеге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған барлығы 12 жұмыссыз азамат қатысып, нәтижесінде квота бойынша 1 азамат «Волковгеология» АҚ-на көлік жүргізуші, 1 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, «Әлсерік ШҚ» 1 азамат жұмысшы ретінде жолданса, 2 азамат қайтарымсыз грант алу бойынша мәлімет алды. І с - ш а р а б а р ы с ы н д а м а м а н д а р пробациялық бақылауға алынған адамдарға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктер жайында ақпарат берді. Мемлекет қолдауының арқасында жұмыссыздық азайып, бұрын сотты болған азаматтардың жұмысқа орналасып әлеуеті артуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады, – деді сала мамандары.

М.ҚАЙРАТҰЛЫ
05 ақпан 2024 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930