Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада балабақшада бүлдіршінді бір топ бала жабылып ұрған

Қызылордада балабақшада бүлдіршінді бір топ бала жабылып ұрған

Бұл жайлы әлеуметтік желіде анасының шағымы жарияланды. Онда облыс орталығындағы «Аяла-Жан» балабақшасында тәрбиеленіп жатқан баласының ерні жырылып, жарақат алғаны айтылған. Мекеме камерасынан қараған сәтте ұл балаға бір топ бала жабылғаны көрінген. Жамбасынан теуіп, басы мен бетінен ұрған.Аталған оқиға жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.

«Қалалық білім бөлімі аталған балабақшаға зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады. Мәлімет қосымша хабарланады», – деп жазылған хабарламада.
Ал Қызылорда қалалық полиция басқармасы бұл мәселеге байланысты тиісті жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.
«18 қаңтарда әлеуметтік желіде жарияланған «Аяла Жан» балабақшасында болған оқиға жөніндегі жарияланым басқарманың ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Ол бойынша құжаттар жинақталып, Қызылорда облысы білім басқармасына тиісті шешім қабылдау үшін жолданады», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасы.

Фото: pixabay.com
syrboyi.kz



19 қаңтар 2024 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930