Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗЫБЕК ИСА: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БҮКІЛ АЗАМАТТЫҢ БІЛУІ МІНДЕТТІ

ҚАЗЫБЕК ИСА: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БҮКІЛ АЗАМАТТЫҢ БІЛУІ МІНДЕТТІ

Депутат Қазыбек Иса жансақтау бөліміне түсті | Turkystan.kz
Сейсенбіде Шиелі ауданына Қазақстан Республикасы ­Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса ­арнайы іс-сапармен келді.

Аталған іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Бекішев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы И.Байкенжеев, жастар өкілдері, ұстаздар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде депутат «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасындағы ерекшеліктер мен Парламентте қабылданған заңдар және «Ақ жол» фракциясының ұлттық мүдде мен мемлекеттік тілді қорғауда қайрат көрсетіп жатқан істері туралы сөз қозғады.

– Мемлекеттік тіл деген сөздің өзі басқа тілдерден үстем дегенді білдіреді. Бұл бүкіл әлем бойынша солай. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде сөйлемейтін әлемдегі жалғыз ел – Қазақстан. Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, бүкіл азаматтардың білуі міндетті, – деді ол.

Басқосуда сөз сөйлеген аудан ардагерлері Қ.Иса сияқты ұлтшыл тұлғалардың Парламенттен төбе көрсетуін жақсы ырымға балап, еліміздің болашағына сенім білдірді. Сондай-ақ депутаттың дәйекті сөздеріне ризашылық білдірген шиеліліктер жиын барысында өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, мемлекеттілік тіл, ақылы жолдар, қаралы қаңтар оқиғалары сынды бірқатар тақырыптар қозғалды. Өз кезегінде депутат қойылған сауалдардың барлығына жан-жақты жауап беріп, заңнамалық өңдеуді қажет ететін мәселелерді алдағы жұмыс үшін жазып алды.

Шара соңында депутат аудандық орталықтандырылған кітапхана директорына «Ақ жол» газетін сыйға тартты.

15 қаңтар 2024 ж. 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930