Атырауда баланы зорламақ болған педофил сотталды
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Атырауда сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған педофилге сот үкімі шықты, деп хабарлады «Мой город».
Оқыс оқиға 2022 жылы 6 желтоқсанда қаладағы Авангард шағын ауданында болған. Полиция 13 жастағы қызды зорламақ болған ер адамды ұстады. Баланы анасы сабаққа апара жатқан. Алайда көліктен шыққан сәтте оған ер адам отырып, автомобильді айдап кеткен.
Көршілердің айтуынша, қыз кішкентай кезінен сал ауруына шалдыққан.
2023 жылғы маусымда бұл қылмыстық іс Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Ер адам Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша (қызды зорлау және ірі көлемде шығын келтірген көлікті ұрлау әрекеті) кінәлі деп танылды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс жабық сот отырысында қаралған. Сондықтан оның мән-жайы толық жарияланбады.
Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің және оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді, - деп жазылған облыстық соттың хабарламасында.
Айыпталушы кінәсін мойындады. Судьяны оны 17 жылға бас бостандығынан айырды.
Соттың үкімі заңды күшіне енді.