Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық Ұланның құрылғанына – 26 жыл

Ұлттық Ұланның құрылғанына – 26 жыл

Осыған орай, жауынгерлік қызметте, қоғамдық тәртіпті сақтауға септігін тигізген әскери қызметшілерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Ұлттық ұлан – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұрысқа ең қабілетті құралымдардың бірі. Әскерлер аса маңызды стратегиялық объектілер мен түзеу мекемелерін күзетуді жүзеге асырады. Ішкі істер органдарымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға елеулі үлес қосуда.

Ата-бабамыз құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр қазақ даласын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғай отырып, бізге аманат ретінде қалдырды.

Сондықтан бабаларымыздың аманатын Тәуелсіздігіміздің маңыздылығын жас ұрпаққа түсіндіріп, оны көздің қарашығындай қорғауға міндеттіміз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан сарбаздарына зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік және елге қызметте табыстар тілеймін!

Ізгі ниетпен, Шиелі ауданының әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов
11 қаңтар 2024 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930