Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-тан Қазақстанға есірткі контрабандасын ұйымдастырғандар сотталды

АҚШ-тан Қазақстанға есірткі контрабандасын ұйымдастырғандар сотталды


Фото: видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еске сала кетсек, Алматы тұрғыны АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алу кезінде ұсталған болатын. Одан 649 грамм кептірілген марихуана мен 676 грамм гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді. Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізумен және Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан адамдар тобы анықталды.

Сондай-ақ олардан 705 грамм марихуана мен 1 266 грамм гашиш есірткі заттары табылып,тәркіленді. Сот үкімімен 7 кінәлі адам 3 жылдан 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан ҚР-ға есірткі контрабанда арнасының және Алматы қаласының аумағында есірткіні тарататын бірнеше Telegram-арналардың қызметі жойылды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
09 қаңтар 2024 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930