Шекарадан есірткі мен оқ-дәрі өткізбек болғандар ұсталды
BAQ.KZ. Шекарашылар есірткі заттарын алып өтпек болғандардың 7, оқ-дәрілер алып өтудің 2 әрекетінің және 11 000 доллар заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 5-6 қараша аралығында отанымыздың әр қиырындағы шекарашылар әртүрлі есірткі заттарын алып өтпек болғандардың 7 әрекетінің жолын кесті.
Сонымен, Мерке ЖБӨП учаскесіндегі "Сыпатай батыр" өткізу пунктінде, Сарығаш шекара жасағының "Жібек жолы" өткізу пунктінде, Ақтөбе шекара жасағының "Әлімбет" өткізу пунктінде, Петропавл шекара жасағының "Бидайық" және "Мамлютка" өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қордай шекара жасағының "Қордай" өткізу пунктінде қызметтік итті қолдана отырып, тексеру кезінде марихуана, гашиш және синтетикалық есірткі тұзы салынған пакеттер табылды, әртүрлі ұлттың 7 азаматы ұсталды. Барлығы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Петропавл және Қорғас шекара жасақтарының учаскесінде "Қарақоға" және "Қорғас" ШЫХО" өткізу пункттерінде ҚР екі азаматы ұсталды.
Автомобильдерін қарап-тексеру кезінде шағын калиберлі винтовка мен аң аулауға арналған қарудың 100-ден астам оқ-дәрісі табылды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Сондай-ақ, осы кезеңде Қорғас шекарашылары елімізден 11 544 АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азаматты ұстады. Қаражыттың иесі 1995 жылы туған ҚР азаматы "Алтынкөл" кедендің бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.