Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

Шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

BAQ.KZ. Заңсыз миграция ұйымдастырмақ болғандар ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен түнде шекарашылар Сарыағаш шекара отрядының «Бағыс»шекара заставасына қарасты аумақта, шекара бағанына жақын жерде екі автокөлікті тоқтатқан.

Volkswagen Golf және Ваз -2106 автокөліктерінен 4 қазақстандық және 6 Өзбекстан азаматы ұсталды.

"Өзбекстандықтар мемлекеттік шекара режимін бұзғандары үшін ұсталса, жерлестеріміз заңсыз миграция каналын ұйымдастыру бойынша күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.

Істің анық-қанығын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеретін болады.

20 қыркүйек 2019 ж. 1 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31