Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаста иесіз жатқан «алтын инелер» табылды

Қорғаста иесіз жатқан «алтын инелер» табылды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғас шекара жасағының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығын шолып жүріп, шекарашылар Қазақстанға қарай шыға берісте жалпы салмағы 45 кг-ға жуық иесіз заттар тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы табылған заттар әдеттегідей дәрі-дәрмек емес, бірақ қытай ем-домына керек-жарақ дүниелер екен. Атап айтқанда - ыстық балауыз, сонымен бірге, «алтын инелер». Жүктің 10 кг-ға жуығы бас жуатын сабынсулар болып шықты. Табылған заттар актіленіп, Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды. Сондай-ақ Петропавл шекара жасағының «Қарақоға-авто» өткізу бөлімшесінде 2003 жылы шығарылған «Субару Легаси» автокөлігімен Ресейден келе жатқан 1987 жылғы қазақстандық ұсталды. Бұған себеп - автокөліктің ұрланғандығынан хабар беретін белгілер. Дәлірек айтсақ, шанақ нөмірінің тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеуі. Ұсталған азамат автокөлігімен бірге М. Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
inform.kz
31 қаңтар 2019 ж. 1 067 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031