Шекарашылар 9 браконьер және бір шекара бұзушыны ұстап алды
BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жуықта ғана браконьерлердің заңсыз әрекетінің кесірінен "Охотзоопром" инспекторы қаза тапқан сәтте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлерге жазаны қатайтуды тапсырған еді.
Соған қарамастан, заңның талабынан қорықпайтын кейбір азаматтар әсіресе шекаралық аймақтарда заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Алайда,олар шекарашылар мен шекара маңында тұратын халықтың қырағылық факторын ескере бермейді.
Сонымен, өткен демалыс күндері ерікті жасақ мүшесінен келіп түскен ақпарат бойынша Шонжы шекара жасағының шекарашылары "Талдысай" шатқалында 9 браконьерді қылмыс үстінде қолға түсірді. Барлығы да ҚР азаматы.
Құқық бұзушылардың қолында аң аулайтын қару-жарақ және сойылып бұзылған бір қапшық ет болды. Одан әрі Нарынқол аудандық полиция бөлімінің, прокуратура мен ҰҚК қызметкерлерімен берлесіп жүргізген тиісті іс-шаралар барысында тағы да 4 қару-жарақ запас ұңғыларымен, оқ-дәрілерімен, сондай-ақ 60 кг астам ет және мүйізі бар маралдың басы табылды, - делінген хабарламада.
Ұсталғандар заттай айғақтарымен бірге Райымбек аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Сарыағаш шекара жасағының шекарашылары "Ынтымақ" шекара заставасының учаскесінде тағы бір шекара бұзушыны ұстады.
Шекара наряды қызмет атқару барысында өзбек шекарасы жаққа қарай біздің аумақпен қозғалып бара жатқан белгісіз адамды көріп қалады. Шекара бұзушы ештемеден сезіктенбестен алға қарай жүріп келіп, шекараны бөліп тұрған сеткі қоршаудан өтер кезде ұсталды.
Өзінің айтуы бойынша 1997 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматы. Тиісті іс-шаралар өткізілуде.