Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

esirtki

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 47 жастағы қала тұрғынын тұрғылықты мекенжайында 255 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдікті егіп баптағаны үшін ұстады.

«Полицейлер оқиға орнында ірі есірткі алқабынан бөлек, кептірілген өзіне тән ерекше иісі бар өсімдікті анықтады. Сараптаманың  қорытындысына сәйкес, олар жалпы салмағы 2,9 келіден астам кептірілген марихуана екендігі бекітілді. Сонымен қатар 255 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес, 36 келі 920 грамм болып шықты. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
31 тамыз 2023 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031