Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылда үй салғысы келетін жұмыс берушілерге субсидия беріледі

Ауылда үй салғысы келетін жұмыс берушілерге субсидия беріледі


Фото: pikabu.ru

Енді ауылда жалға берілетін тұрғын үй салғысы келетін жұмыс берушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство президенттің ауылдарда өз жұмысшылары үшін тұрғын үй салатын жұмыс берушілердің шығынын өтеуге қатысты тапсырмасын орындау үшін субсидиялаудың тиісті қағидасын әзірлеп, бекітті.

Бұл ережеге сәйкес ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 млн теңге мөлшерінде субсидия ала алады. Бұл қаржы 75 шаршы метрден 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығынын жабады. Субсидияны алу үшін жұмыс берушілер жұмысшымен 5 жылға еңбек шартын жасасуы керек. Жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлап отырған ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін жергілікті атқарушы органдармен айқындап бекітеді, - деп жазылған хабарламада.

Алайда бұл тізімге аудан орталықтарының және облыс орталықтары, моно және шағын қалалар немесе агломерациялардың, қаладағы аудандардың құрамына кіретін 30 шақырым жерде орналасқан ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер кірмейді.
Бекітілген ереже 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап күшіне енеді.
08 қаңтар 2024 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930