Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЙСЫН АУЫЛЫНДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕР ТОЛЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ

БАЙСЫН АУЫЛЫНДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕР ТОЛЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ

Күн өткен ­сайын Шиелі өлкесі қанатын кеңге жайып келеді. Әл-ауқаты артып, құрылысы да қарқын алуда. Кент көркейіп, ауылдық округтер көгілдір отын мен ауыз суға қол жеткізіп, жаңа білім, медициналық ғимараттар пайдалануға берілуде. Бұл халық үніне құлақ асып, елмен бірге етене араласып, мұң-мұқтаждың уәжіне құлақ түрген білікті басшының жұмысы.
Байсындағы тұрғындар аудан әкімі Нұржан Ахатовтың осындай игілікті істердің басы қасынан табылып, толымды тірліктер атқарып жатқандығына дән риза.
Биыл расында да байсындықтар үшін тарихи қуанышты жыл болды. Қазақ елі Тәуелсіздік алғалы еліміздің өсіп-өркендеуі, эканомикалық дамуының көрсеткіші ауылымыздың жылдан-жылға дамып, халықтың әл-ауқаты да жақсарғаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың, аудан әкімі Нұржан Ахатовтың ауылға деген шынайы қамқорлығының нәтижесі деп білемін.
Байсындықтар үшін ерекше қуантарлық жағдай жаңа типтік жобадағы 250 орындық мектеп құрылысы сапалы аяқталып халық игілігіне табысталуы. Тағы ауыз толтырып айта кететін жағдай біздің бірлігі мен ынтымағы жарасқан Байсын ауылына Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Т.Қарағойшиннің және мемлекетіміздің бар аймағынан келген сала басшыларының атбасын бұрып, елдегі ауқымды атқарылған жұмыстармен танысуы тарихи күн болды.
Биылғы атқарылған ауқымды жұмыстарға Байсын ауылының тұрғындары атынан және жеке өзімнің атымнан рахмет айтамын.
Өзіңіздің туып өскен жерге жасаған еңбегіңіз – елдің батасы, алғысы болып мың еселеніп қайтсын. Бастамаларыңыз оң болсын!
Сыр елінің тірегіне айналған Шиеліні жаңартып, жасартып, гүлдендіру – ел басқарған адамда. Олай болса жол жөндеу, арық қазу, тал егіп, егінді жайқалту сынды ел ішіндегі тірліктің берекесін кіргізу тікелей осы аудан басшының қалауымен жанданар дүние. «Мың қосшыға бір басшы» дегенді қазақ басшысыз тіршіліктің де ауызбіршіліктің де болмайтынын меңзеп айтса керек.
Адам баласының өмір сүруіне қажетті не нәрсе де еңбекпен, еңбекті ұйымдастырумен жасалады. Тұрғын үй салу, оған отын-су жеткізу, көшені көріктендіру, тәртіпті қадағалау, тағысын тағы... Осының бәрін ойында тербетіп жүретін аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Жаңатұрмыстағы біршама дүниені жаңартты.
Сонымен қатар мемлекеттен бөлінген қаржыға көшесінің бойына жаяу жүргіншілер (тротуар) жолы салынды. Мектеп алдынан өтіп жатқан «Әлі Мұса» каналын темір шарбақпен оқушыларының қауіпсіздігі үшін қоршалды.
Ауылдың үлкен көшелері жарықтандыру жұмыстары да қолға алынып, Ә.Палмағанбетов, С.Ережепов, С.Аймағанбетов, Б.Әбдімомынов, Сейхун және С.Асанов көшелеріне диодты жарықшамдар орнатылды. Жаңарып, жаңғырған ауылдың көркі кіріп, келген қонақ тамсанар күнге жетті.
Тағы бір көңілге қуаныш сыйлаған іс – балалар ойын алаңының бой көтеруі. Байсын ауылында Балалар ойын алаңдары мен жаттықтыру алаңы және шағын футбол ойын алаңдары 5 жерде орналастырылған.
Сонымен қатар 2023 жылы «Авангард ПГС» мекемесінің демеушілігімен құны 15 млн. теңгенің балалар спорттық ойын алаңы сыйға берілді. Ауыл балаларының бір мезет басын қосып, алаңсыз балалық шақтың қызығына бөленер сәт туды.
Бала – болашағымыз. Олар үшін жасалған игі іс мақтауға лайық деп білеміз. Смартфонға үңіліп, интернетке телмірген балалардың ойын далаға аударып, бауырмалдыққа, көпшілікке, достыққа бастайтын алаңқайды көргенде тек ауыл балалары емес, баласы бар әр үй қуанды.
Еңбекке бейімді жан үшін мемлекеттен қолдаулар да көрсетіліп жатыр. Оның жемісін мал шаруашылығымен айналысуды көздеген ауылдағы кәсіпкерлер де көріп отыр. Бұл күндері мал басының саны артып, ауыл халқының тұрмысы түзеліп келеді. «Жақсыны көрмек керек» дейді дана халқымыз. Ауыл ақсақалдары ауылда атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, біліп отырғандықтан аудан басшысына бата беріп, тілегімізді жеткізуді парыз санадық.
«Батаменен ел көгерер» деген дана халықтың ұрпағымыз. Еліміз аман, бірлігіміз бекем, тірлігіміз толымды болсын. Ел басқарған арда азаматтар аттан түспесін!

Жантөре ТӨЛЕГЕНҰЛЫ,
мәдениет саласының ардагері,
ауыл ақсақалы
26 желтоқсан 2023 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930