Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада автобустарда жолақыны Bluetooth арқылы төлеуге болады

Астанада автобустарда жолақыны Bluetooth арқылы төлеуге болады


Фото: видеодан скриншот

Елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны Bluetooth арқылы төлеуге де болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, төлемнің бұл түрін пайдалану Avtobys мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.
Ол үшін:
  • Avtobys мобильді қосымшасын жүктеу;
  • Қосымшаға телефон нөмірі арқылы тіркелу;
  • Мобильді қосымшаның теңгерімін толтыру (әмиян батырмасын таңдап, ұсынылған әдістердің бірін таңдау) қажет.
Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, электрондық әмияндар, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.
Жолақыны Bluetooth арқылы төлеу үшін телефоныңыздан Bluetooth қосасыз. Одан кейін қосымшаға кіріп, Bluetooth белгісін басасыз, маршрутты таңдайсыз және төлемді растайсыз.
Айта кетсек, әзірге төлем жасаудың бұл тәсілі жолақысын төлеудің электронды жүйесінің жабдықтарымен жабдықталған автобустарда қолжетімді.
21 желтоқсан 2023 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9296)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930