Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада чемпионы жаңа қызметке тағайындалды

Олимпиада чемпионы жаңа қызметке тағайындалды


Фото: https://t.me/sportqazaq

Алматыда өткен Су спорты түрлері федерациясының конференциясында ұйымның президенті сайланып, вице-президенті тағайындалды.

Жиында федерацияның президенті қызметіне Андрей Крюков бірауыздан сайланды. Сонымен қатар, федерация атқарушы комитетінің жаңа құрамы жасақталды. Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиаданың чемпионы Дмитрий Баландин федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Конференцияда бұдан былай федерацияның атауы Kazakh Aquatics деп өзгертілетіні хабарланды.

Бес спорт түрін біріктірген федерация – су спорты түрлерінен халықаралық қауымдастықтың мүшесі. Федерацияның 6 мүшесі World Aquatics халықаралық федерациясының басқарушы органдарында қызмет етеді. 50-ден аса қызметкері халықаралық федерацияның техникалық комитеттері мен спорт түрлері бойынша халықаралық төрешілер корпусына мүше.

Биылғы Азиадада Қазақстан су спорты түрлерінен көңіл көншітерлік нәтиже көрсеткен жоқ. Су добынан еліміздің әйелдер құрама командасы қола медаль алып, алға қойған жоспарды орындап шықты.

Ерлер құрамасы Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары бола тұра финалға шыға алмады. Олар да қола жүлдені қанағат тұтты. Нәтижесінде ватерполшыларымыз үшінші орын алса да Олимпиадаға берілетін лицензиядан құр қалды. Енді ұлттық құрамамыз алдағы әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасы үшін тағы жарысқа қатысады.
15 желтоқсан 2023 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031