Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Фируза Шарипова рингке оралады

Фируза Шарипова рингке оралады

BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясы (KFPB) Фируза Шарипованың есімін Еуропалық бокс одағына (EBU) жыл сайынғы мүшелік жарнасын төлейтін боксшылар тізіміне енгізді.

Федерацияның вице-президенті Виталий Демьяненко өз сөзінде ұйымның бас хатшысы Энцу Джакопониді бұл ақпараттан хабардар етті, деп жазады Prosports.kz.

Федерацияның бұл шешімінің арқасында Фируза Шарипова рейтингтің үздік боксшыларының ТОП-15 тізіміне енеді, содан кейін ол Еуропа чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.

Еске салсақ, Франциядан келген әлем чемпионы, әлемдік рейтингтің бірінші нөмірі Майва Хамадуш Фируза Шарипованы Қазақстанда жекпе-жекке шақырған еді. Ол IBF және WBA нұсқалары бойынша ең беделді екі чемпиондық титул үшін таласуды ұсынды.

Бұған дейін Шарипова өзінің чемпиондық жекпе-жегіне тиісті қаражат бөлінбегендіктен мансабын аяқтайтынын мәлім еткен болатын.

Федерация Али Ахмедов, Али Балоев, Қанат Ислам және Жан Кособуцкий секілді басқа да қазақстандық боксшылардың мүшелік жарнасын төлейді.
22 қаңтар 2020 ж. 626 0

Қоғам

ҚАУІПСІЗ ҚЫСТЫҢ КЕПІЛІ
16 қыркүйек 2025 ж. 7

ШАҢЫРАҒЫМ - ШАТТЫҒЫМ

16 қыркүйек 2025 ж.

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930