Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ArcelorMittal» «Қазақстан халқына» қорына 16 миллиард тенге аударды

«ArcelorMittal» «Қазақстан халқына» қорына 16 миллиард тенге аударды


Фото: Halyq Uni

«ArcelorMittal» компаниясы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 16 млрд теңге аударды.

Қордың хабарлауынша, бұл қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының игілігіне негізделген білім және денсаулық сақтау саласындағы қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жұмсайды. Жарна сомасының кем дегенде елу пайызы (50%) Теміртау қаласында жүзеге асырылатын немесе Теміртау қаласына айтарлықтай қатысы бар жобаларға бағытталады.
Қайырымдылық бағдарламалар мен жобалар бағыттары:
  • орта білім беру ұйымдарын жетілдіру және студенттердің жоғары білім алуына шәкіртақы арқылы қолдау көрсету;
  • өңірде STEM білімін жетілдіру;
  • сирек ауруы бар пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
  • денсаулық сақтау мекемелерін озық медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету.
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша қор құрылған сәттен бастап ірі компания, жеке қайырымдылық қорлар мен ұйымдар, меценаттар мен жеке тұлғалардан 158,8 млрд теңге түскен.
Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Андрей Лаврентьев сатып алғанын мәлімдеген еді. Келісімге сәйкес, Андрей Лаврентьев кәсіпорынға 3 млрд доллар инвестиция құюға міндетті болады. Оның 1,3 млрд доллары 2024 жылы инвестицияланады. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның атауы ресми түрде QARMET болып өзгерді
14 желтоқсан 2023 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031