Қыркүйек айынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі
AMANAT партиясының 2023-2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады, деп хабарлады turkystan.kz.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.
- Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%,
- Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%,
- Техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50% арттырылды.
- докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
- даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;
- магистранттарға – 97 024 теңге;
- интерндерге – 75 890 теңге;
– даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
– техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;
– техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.
Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.
Айта кетейік, сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.