Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақстан халқына" қорына 12 миллиард теңгеден аса қаражат жиналды

"Қазақстан халқына" қорына 12 миллиард теңгеден аса қаражат жиналды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 12 миллиард теңгеден аса қаражат жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қор мәліметінше, 17 қаңтарда таңертең заңды тұлғалардан 12,36 миллиард теңге түскен.
"Kaspi Bank және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе 10 миллиард теңге көлемінде қомақты үлес қосты. Сондай-ақ, "Халық" қайырымдылық қорынан екі миллиард теңге түсті. Степногор тау-кен-химия комбинаты 350 млн теңге аударды" - деп мәлімдеді қор өкілі.

Сонымен қатар, қоғамдық қорға ерікті ретінде 6519 қазақстандық ақша аударған. Қазір оның жалпы сомасы 10,1 миллион теңгеден асады.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді.
Премьер-министр Әлихан Смайыловқа және оның кеңсесінің, Президент әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлеріне бір күндік жалақысын аудару арқылы қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз", - деді қор өкілі.
Қор басшылығы барлық қаржының ашықтығы мен есеппен жұмсалуы қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша "Қазақстан халқының игілігі үшін, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт мәселелерін шешуге" бағытталатыны айтылды.
"Қор сирек кездесетін және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау, арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді", - деп толықтырды қор өкілі.
Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, меценаттар мен азаматтар "Қазақстан халқына" ҚҚ шотына мына деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады:
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ;
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, Kaspi Bank АҚ.

"Қазақстан халқына" қоры немен айналысады?
Кейін Президент тапсырмасымен құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалған еді.
Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорында Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы сайланғаны хабарланды. Қамқоршылық кеңес құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар және басқа да беделді азаматтар кірді.
17 қаңтар 2022 ж. 777 0